jasqazaq.kz

СҚО-да 30 оқушыдан коронавирус анықталды

15 қазан 2020, 17:38

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылы басталғалы 30 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

СҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті медициналық көмектің сапасы мен тәуекелдерін бағалау бөлімінің басшысы Арман Күшбасов брифингіде 30 оқушы коронавируспен ауырғанын атап өтті.

«15 бала кезекші сыныптарға барған, қалған 15-і қашықтан білім алады. Олардың барлығы, сонымен бірге балалармен байланыста болғандар тексерілді. Оқушылар арасында сыныбымен ауырғандар жоқ. Кезекші сыныптар карантинге жабылған жоқ», — дейді Арман Күшбасов.

Маманның айтуынша, ұжымда, соның ішінде балабақша тобында КВИ жұқтыру анықталған жағдайда, онымен жақын байланыста болғандардың барлығы тексеріледі.

«Балабақшада тәрбиеші мен күтушіден басқа ешкімнің топқа кіруге құқы жоқ. Жұқтырған адам анықталған жағдайда, барлығы карантинге кетеді. Жақын байланыста болғандар бірі қалмай тексеріледі. Балабақшада болса топтың тәрбиеленушілері, күтуші, тәрбиеші және балалардың ата-аналары да тексеріледі», — дейді санитариялық дәрігер.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде