jasqazaq.kz

СҚО-да 24 мұғалім коронавирус жұқтырған

24 қараша 2020, 17:37

Солтүстік Қазақстан облысында екінші тоқсанда 361 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп, бұл өңірдегі барлық білім беру мекемелерінің 75,7% құрады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте СҚО Білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова жаңа оқу жылынан бастап коронавирусқа байланысты 57 кезекші сыныптың қашықтан оқуға көшірілгенін айтты. Оның 19-ы қараша айында онлайн форматқа ауыстырылған. «Қазіргі уақытта СҚО-да 361 мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл — 75,7% құрайды. Олар негізінен шағын комплектілі мектептер. Бұдан басқа 1566 кезекші сынып бар, оларда бастауыш сыныптардың 19303 оқушысы білім алып жатыр», — дейді Гүлмира Кәрімова. Кезекші сыныптарда жұмыс істеген 24 мұғалімде қауіпті инфекция анықталып, бүгінде олар ем алып жатыр. «Сақтық шаралары жасалған. КВИ таралмауы үшін маска режимі енгізілген, санитайзерлер бар. Балалар бір кабинетте ғана оқиды. Олардың үзілісі де сәйкес келмеуі үшін түрлі уақытқа қойылған. Енді балабақшаларға балаларды қабылдау да сағат 9.00-ге дейін ұзартылды. Бұл бүлдіршіндердің бір-бірімен байланысын барынша азайту мақсатында жасалған», — дейді басқарма басшысы. Қазіргі уақытта М.Жұмабаев ауданы Успенский орта мектебіндегі шағын орталық және Аққайың ауданындағы «Балапан» балабақшасы және мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі 19 кезекші топ карантинге жабылды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде