jasqazaq.kz

СҚО әкімі спорт клубтарына легионерлер тартуға тыйым салды

19 тамыз 2019, 20:39

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов сырттан легионерлер шақырмай, жергілікті спортшыларды тәрбиелеуді тапсырды. Бүгін облыстық әкімдіктің отырысында спортты дамыту мәселесі сөз болды.

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуынша, бүгінде барлық клубтарға спортшылар сырттан шақырылады. Жақсы көрсеткіштерге жергілікті спортшылармен де қол жеткізуге болады. «Мәселені барлық клубтарға легионерлер шақырумен шешіп келеміз. Менің пікірімше, бұл дұрыс емес. Көп болса сырттан бір-екі ғана спортшы шақыра аламыз. Қалғаны өзіміздікі болуы қажет. Шебер спортшыларды тәрбиелеу – сіздердің міндеттеріңіз. Рейтингтен түсіп қалсақ ештеңе етпейді. Жоғары лигада ойнамасақ – біздің деңгейіміздің сол болғаны. Легионерлер алуға тыйым саламын. Бізге бір жылға ғана келетін адамға қыруар қаржы төлейміз. Бюджеттеріңізді қайта қарастырып, ол ақшаны өзіміздің спортшыларға беріңіздер», — деді Құмар Ақсақалов. Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналиннің айтуынша, клубтарда жергілікті спортшылардың санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір оларда 924 спортшы тіркелсе, оның 855-і жергілікті, 65-і басқа қаладан келген, 4-еуі – легионер. «Барыс» баскетбол клубында, «Қызылжар арландары» спорттық жекпе-жек клубында, «Тұлпар» ұлттық ат спорты клубында, А.Винокуров атындағы велоклубта және «Үміт» мүмкіндігі шектеулі жандардың клубында қазір 100% өзіміздің споршылар өнер көрсетіп жүр», — деді Руслан Есеналин. Бүгінде СҚО-да 9 спорт клубы бар. Олар футбол, волейбол, шайбалы хоккей, баскетбол, велоспорт, ұлттық ат спорты, жекпе-жек және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында республикалық және халықаралық жарыстарда өңір және ел намысын қорғап жүр.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда