jasqazaq.kz

СҚО әкімдігі қар үстіне төселген асфальтқа қатысты жағдайды түсіндірді

03 желтоқсан 2020, 16:26

Солтүстік Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Айыртау ауданындағы ауыл жолдарының біріне асфальттің қар үстіне төселгенін анықтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Айыртау ауданындағы Каменный Брод елді мекеніне жол төсеуде тиісті технология сақталмаған. Яғни «Комплект-Азия-Сервис» ЖШС асфальт төсеу жұмыстарын -15 градус аязда істеген. Соның салдарынан материал жерге төселгенге дейін қатып қалған. СҚО әкімдігінде қар үстіне асфальт төсеу жағдайы бойынша түсінік берді.

«Айыртау ауданы Каменный Брод елді мекені маңындағы жол учаскесінде барлық тиісті жұмыстар белгіленген мерзімде, температуралық режимді және құрылыс талаптары сақтала отыра атқарылды. Бұдан басқа «Комплект-Азия-Сервис» ЖШС сметалық құжаттан бөлек, өз қаражатына келісілген учаскеден басқа жолдардағы және оның жиегіндегі шұңқырларды ескі асфальтпен жапты. Мониторингтік топ осы жолдарды байқап, ескерту жасаған. Келісім бойынша мердігер компания салынған жолға екі жылға кепілдік міндеттеме берді», — дейді облыстық әкімдіктегілер.

Бұған дейін Петропавлда қар астындағы шөпті шапқандар әлеуметтік желіде көпшіліктің қызу талқысына түскен еді.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық