jasqazaq.kz

Скандинавиялық жүріске қатысыңыз

23 сәуiр 2019, 19:25

Алматыда 2 маусымда скандинавиялық жүрістен «Almaty Nordic Walking Fest – 2019» фестивалі өтеді. Бұл туралы шараны ұйымдастырушы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталева, спортшы, журналист Андрей Кукушкин мен «Еуразия» скандинавиялық  жүріс мектебінің директоры Максим Прощенко журналистермен жүздесуде айтты. 

   Даңқты спортшы Елена Хрусталева: «Скандинавиялық жүріс – рахатқа бөленіп, өзіңізді жақсы қалыпта ұстауға мүмкіндік беретін, барлық жастағы адамдар үшін фитнестің әсем түрі. Барлық қатысушылар үшін уақытты есептеуді, тәжірибелі  және спорттың осы түрін жаңадан бастағандарға арнайы қашықтықты ойластырдық. Almaty Nordic Fest жұрт  жүрегін жаулап алады деген үміттемін», – деді.

 

Скандинавиялық жүріс – дене пішінді, көңіл-күйді жақсарту, сонымен қатар салмақты бақылаудың қарапайым және тиімді тәсілі. Скандинавиялық жүрістің танымалдылығы артып келеді. Жарысқа 14 жастан асқан спортқа қызығушылығы бар барлық адам қатыса алады.  Оларды онлайн тіркеу  www.nordicwalkimgfest.kz сайтында белсенді жүргізілуде.

Мақпал Махаметқызы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде