jasqazaq.kz

«СК-Фармация-ның» бұрынғы басшысына қандай айып тағылды?

26 сәуiр 2021, 13:46

«Нұр-Сұлтан» қаласының Есіл аудандық сотында «СК-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты алғашқы сот отырысы басталды.

Судья Қанат Дүйсембиев Берік Шәріпке қатысты қылмыстық іс 361-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы және 287-баптың 2-бөлігі бойынша қаралып жатқанын хабарлады.

Прокурор Дастан Күпербаев «СК-Фармация» экс-басшысының заңсыз әрекеті салдарынан екі мыңнан астам дәрігер коронавирус жұқтырғанын айтты. Оларға мемлекет тарапынан өтемақы төленді.

21 сәуір күні «СК-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты алдын ала сот тыңдауы өткен болатын.

Денсаулық сақтау министрлігі жәбірленуші ретінде танылды. Отырыс барысында Берік Шәріп қамаудан босатуды сұрады, бірақ судья Қанат Дүйсембиев бас тартты.

Естеріңізге салсақ, 2020 жылы 10 шілде күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «СК-Фармация» ЖШС жұмысын сынға алып, басшылығын жұмыстан босатуды тапсырған. Қажет болса тергеу шараларын да жүргізуге нұсқау берді. Ертесінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен «СК-Фармация» ЖШС басшысы Берік Шәріп қызметінен алынды.

sputnik

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия