jasqazaq.kz

«Сізде болады. Бізге болмай ма?»

14 ақпан 2024, 15:49

Саяси әдебиетте «банан республикасы» деген ұғым бар. Өз еркі өзінде емес, жуанның сөзін жерге тастамайтын, «ләппай, тақсыршыл» мемлекетке берілген мінездеме.

Соңғы күндері Алатаудың ар жағындағы бір туғандар өз елінің бұл санатқа жатпайтынын, өзгемен терезесі тең екенін жиі айтып жүр. Бұл — олардың Президент Садыр Жапаровтың мұхиттың арғы жағындағы Америкаға, нақтырақ айтсақ, мемлекеттік департамент жетекшісіне жазған хатына үн қосуы. Саясаттанушы Марат Бейшенов осыған орай: «АҚШ көпе-көрнеу Қырғызстанның ішкі ісіне араласып жатыр. Біз сонда қайдағы бір «банан республикасы» болғанымыз ба?» — дейді.

Әңгіменің әлқиссасы Блинкеннің өткен айда Садыр Жапаровқа жолдаған хатынан басталады. Мемлекеттік хатшы Қырғызстан Жогорку Кенешінде (Парламент) қаралып жатқан «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейтін құжатқа алаңдаушылық білдіреді. Егер заң жобасы мақұлданса, үкіметтік емес ұйымдар азаматтық және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы әбден мүмкін. Блинкеннің пікірінше, американдық ұйымдар қазірдің өзінде «қызметін тоқтатуды» қарастырып жатқан көрінеді. Мемлекеттік хатшы осыған орай, Қырғызстан Президентін Парламент басшыларымен ақылдасып, шетін түйткілдің түйінін тартқатуға шақырады.

С. Жапаровтың жауабы көп күттірген жоқ. Ресми Бішкек хат мазмұнынан Қырғыз елінің ішкі ісіне араласу белгісі байқалатынын мәлімдеді. Ал талқыланып жатқан заң жобасы елдегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметін реттеп, жариялылықты қамтамасыз етуді көздейді. Бұл ретте Президент қырғыз депутаттары ұсынған құжаттың мазмұны АҚШ-та сонау 1938 жылы қабылданып, қазір де жұмыс істеп тұрған шетелдік агенттерді тіркеу туралы заңмен (Foreign Agents Registration Act, FARA) ұқсас екенін атап өтті. Сөйтеді де, «Мынадай сауал тастаудың реті келіп тұр: «Сіздерге (мұндай заң қабылдауға) болады да, бізге болмай ма?» деп орынды сауалды көлденең тартты.

Қырғызстан Президенті әлгі ұйымдардың елдегі адам құқығына қатысты деректерді мемлекеттік хатшыға бұрмалап жеткізгенін өкінішпен атап өтті. Оның үстіне шетелден қаржы алатын әрі халық «грантжегіштер» деп атайтын мұндай ұйымдардың «айрықша шоғыры» бар. Олар өздерін «пікір еркіндігі мен сөз бостандығы жолындағы күрескер» деп есептейді.

Батыстың басқаларға осындай ескерту жасауы бірінші рет емес. Жуырда американдықтар толеранттығы титтей де күмән туғызбайтын Әзірбайжанда «діни сенімге селкеу түсіп тұр» деген сипатта тұжырым жасады. Баку дереу мұның шындық былай тұрсын, қисынға да келмейтін мәлімдеді. Түрлі конфессия өкілдері де өтіріктің құйрығы бір тұтам екенін еске салды.
Ғаламдағы геосаяси ахуал өзгеріп келеді. Тек Батыстың мүддесі мен құндылығын қорғайтын «демократия дәрісіне» ынта-ықыластың сарқыла бастауы соның айқын белгісі болса керек.

Срайыл Смайыл

Бүгін, 14:29
Школы Туркестанской области вступают в цифровую эпоху
Бүгін, 14:14
Туркестан: В школах «Келешек» реализуются современные образовательные проекты
Бүгін, 13:54
В Туркестанской области активизируют работу по обеспечению занятости населения
01 маусым, 14:55
Алматыда Балаларды қорғау күніне орай инновациялық шығармашылық орталығы ашылды
28 мамыр, 17:07
Алматы облысында төтенше жағдайларға қарсы қандай жұмыстар жүріп жатыр?
28 мамыр, 14:21
Туристический потециал Отырара: новый взгляд на древнее наследие
28 мамыр, 14:02
В Туркестанской области введены в эксплуатацию 29 «Комфортных школ»
28 мамыр, 14:00
Туркестанская область - лидер по краткосрочным экономическим показателям
28 мамыр, 13:59
Туркестан: Ведется строительство солнечной электростанции мощностью 300 МВТ