jasqazaq.kz

«Сіз бай болсаңыз, біз кедейміз»

15 шiлде 2022, 12:01

«Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға үгіттеп жүргендердің бірі мен едім. Өткенде шу шыққанда сол насихатымның «құрбандары» «қане, мақтаулы бағдарламаң» дегендей сыңай танытты. Біреуі тіпті «осынша жасқа келгенше қалай идеалист болып жүрсіз» деп кейіді. Бесіктен белі шықпаған баладан сөз есту оңай ма. «Бәрібір әділдік жеңеді» деп міңгір-міңгір еттім.

«Қайдағы әділдік?» – деп мырс етті әлгі бала. – Қайда барсам да басым тасқа соғылады. Біреуі жасың асып кетті дейді, біреуі жалақың сай емес дейді. Сонда мен не істеуім керек?!».
Қысылғанда сөз табасың ғой. «Сен бизнеспен айналысуың керек» дедім екіленіп. Біздің әкімнен қай жерің кем?!

Есіңде ме, алдыңғы аптада оған «2 миллион теңгенің күртесін киіп алыпсың, ақшаны қайдан алдың» деп біреулер тап берді емес пе? Сонда әкім не деді?
«Мен кедей емеспін» деді ғой ақталып (әлде мақтанып)!

Оның содан кейінгі сөзі өзің секілді жастарға үлгі десем, тағы идеалист боламын ба?
Біле білсең, ол кісі әкім болғанға дейін кәсіпкерлікпен айналысқан. Әбден қоңданып алғаннан кейін ғана мемлекеттік қызметке ойысқан. Сен де сөйт!

Манағыдай емес, дауысым қатты-қатты шығып, өзімше тамаша ақыл айтқаныма мақтанып қалдым. Әлгі жігіт сұқ саусағын шекесіне апара берді де, қолын бір сілтеді.
«Ол кісі бай болса, біз кедейміз, – деді сәл ойланып. – Әкімнің бір ауыз сөзі жетіп жатыр. «Алматы жастары» бағдарламасын қайта тексеріңдер десе, қол астындағылар жүгіріп кетер еді ғой».

Бала емес, бәле ғой. Бірақ бұлардың сөзін құлағына қыстырып жатқан ешкім жоқ.
Әкімдіктегілердің айтуынша, бәрі дұрыс, бәрі заңды. Бағдарламаға іріктеу талапқа сай жүргізілді. Баспасөз қызметінің хабарламасында: «Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін олардың бағдарлама талаптарына сәйкес екендігі қолмен (!) тексеріледі. Тізімге енгізу кезегі жиналған ұпай санына қарай жүзеге асырылады. Өтініштерді қарастыру нәтижесі негізді болғандықтан, олар қайта қаралмайды» деп жазылыпты. «Нөл ұпаймен қалай өтіп кетті» деп безек қаққандардың сауалына осылайша нүкте қойғандай. «Тізімге ұпай санына қарай енгізіледі» дейді де, ұпайы көптер ұпайы жоқтардың шаңына көміліп қалады. Парадокс.
Қысқасы, ана шуылдақтардың әрекетінен түк шықпады.

«Мен сенбеймін» деді бір қыз мұңайып. Колледжде сабақ беретін оны тізімде денсаулық саласында жұмыс істейді деп жазып қойыпты. «Егер де әр адамның құжатын шұқшиып тексерсе, бұлайша шатаса ма?».

Оны әкімдіктегілерден сұрау керек, қарағым. Бәлкім, құжаттарды қолмен парақтап тексергендердің көзі нашар көретін шығар? Не болмаса, тізімге ену үшін жасалған тізімде жоқтардың құжатын иықтан асырып лақтыра берген шығар? Шынында да, қолмен тексерсе, техникалық ақау дегенді кім шығарып жүр?

Бірақ бәрібір әділдік жеңетініне өз басым сенемін.
Өйткені бұл өмірде алған бетінен қайтпайтын жандар бар. Солар түбіне жетпей тынбаймыз дейді.

Гүлнар Ахметова

Бүгін, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды