jasqazaq.kz

Сиви өмірінде кездескен жігіттері жайлы айтып берді

13 желтоқсан 2018, 16:18

Әнші Сиви Махмуди бір кездері соңынан жүгірген бай-бағландардың балалары туралы айтып берді. Өз сөзінде әнші олардан көңілі қалғанын да жасырмады. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені бикешті кездесуге шақырған жігіттер сараңдық танытқан көрінеді.

Бұл туралы әнші НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

Сиви Махмудидің сөзінше, өзін кездесуге шақырып жүрген серілердің бірі ас ішіп болғаннан кейін шотты қарап шығып, тек өзі алған тағамдардың ақшасын төлейтін болған.

«Шет елді көріп қалған байдың баласы. Мені ылғи да кездесуге шақыратын. Өзі әдемі, көрікті, мінезі жақсы сияқты. Бірақ екеуміз отырған кезде, шотты алып, санап-санап, маған «мынау сенікі, мынау менікі» деген күндер болды. Сол кезде таңғалатынмын. Дүние десең, дүние жететін еді», – дейді әнші.

Сондай-ақ, Сиви тұрмысқа шықпаған кезінде өзіне бейәдеп әңгімелер айтқан жігіттердің болғанын да жасырмады. Тіпті, олардың бірі бикештің әдемі сымбатын көру үшін бассейнге бірге барғысы келетінін айтқан.

«Сен бұрын стақан едің, қазір рөмке болып қалдың», – деген сияқты әңгімелер айтады. Бұрын толық едің, қазір белің пайда болды дегені ғой. Я болмаса бассейнге барып, сенің сымбатыңды көру керек еді деген әңгімелер мені қашыртатын», – дейді әнші.

Бай-бағландардың балаларының еркелігінен шаршаған Сиви бүгінде өмірлік жарына айналған Аңсар есімді азаматқа кездеседі. Айтуынша, жолдасы бақуатты жерден шықпаған. Бәріне өз күшімен жеткен екен.

«Шыны керек, жолдасым ондай бай, қуатты жерден шықпаған. Бірақ өзіне жететіндей бай жігіт. Өз еңбегімен жеткен», – дейді Сиви.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде