jasqazaq.kz

Сиви Махмудидің күйеуінің жолдасымен көңіл қосқаны рас па?

11 қазан 2017, 12:54

Қайрат Нұртаспен бірге «Өкініш» фильмінде өнер көрсеткен Сиви Махмудидің ойы басқада. Сылқымға күйеуі біршама дүниеге қатаң тыйым салған көрінеді. Тығырыққа тірелген әнші, енді бейнеклипін де ойдағыдай таспалай алмай жүр. Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды деп жазды Stan.kz.

Сиви Махмуди бейнеклипін таспалауға баяғыда кірісіп кеткен. Алайда, әншінің жары видеотуындыда Сивидің сүйіктісінің рөлін, жат біреу сомдамасын деген қатал талап қойған. Бұл қызғаныштың қандай түрі?!

Өзгелермен талай бейнебаянда, тіпті толық метрлі картинаға түсіп жүрген сылқымға, аяқ асты қызғаныш білдірген әншінің күйеуі ерекше ұсынысымен таңқалдырған.

«Күйеуімнің жан досы. Басқа жігіттерден қызғанғаннан кейін, досы түссін деп ұсыныс жасады. Өзі сымбатты, өзінің кішкене болса да өнері бар болғаннан кейін, осы жігітпен басты рөлде жігітім ретінде түсейін деп жатырмын», – деп түсіндірді Сиви.

Сюжет бойынша жарының жан жолдасымен көңіл жарастырған бейнеклипі «Кел жаным» атты әнге таспалануда.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде