jasqazaq.kz

Сириядан оралған әйел: 19 рет күйеуге шыққан әйелдер болды

13 мамыр 2019, 19:13

Сирияда 4 жыл өмір сүрген 33 жастағы қазақстандық келіншек қақтығыс аймақтарында әйелдердің басынан өткен қиындықтарды айтып берді. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлады.

«Күйеуі қайтыс болған әйелді бір үйге алып келеді. Ол жерде тазалық, тамақ, жарық жоқ, яғни ешқандай жағдай жасалмаған. Амал жоқ басқа күйеуге шығуға мәжбүр боласың. Себебі осы қиындықтарды әйелдер амалсыздан күйеуге шығуы үшін әдейі жасап қойған. Күйеуге шықпасаң, сол жерде аштан өлесің. Ал күйеуге шыққанымен, ол адам 2-3 күннен кейін қайтыс болу мүмкін. Осындай жағдайдың салдарынан 5-6 рет, тіпті 19 рет күйеуге шығып жатқан әйелдер болды», — деді ол ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинге. Оның сөзіне қарағанда, әйелдердің күйеуі мерт болса, оған тиесілі ақшасын да бермейді. Күйеуі болғанда тамаққа деп ақша беріп тұрады екен. Денсаулығына байланысты сыртқаттанып қалса да, ер азаматсыз үйден тыс аумаққа шығуға тыйым салынған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде