jasqazaq.kz

Сириядан құтқарылған әйел елге оралды

21 қараша 2017, 14:12

Сириядан Грозный қаласына жеткізілген қазақстандық әйел бала-шағасымен елге оралды, деп хабарлайды Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі басшысы Әнуар Жайнақов.

Бұдан бұрын 29 жастағы әйел төрт баласымен Сириядан құтқарылып, Шешенстанға жеткізілген болатын.
«Қазақстан азаматшасы кәмелеттік жасқа толмаған төрт баласымен Сириядан Ресейге эвакуацияланған болатын, Мәскеудегі елшілік дипломаттарының көмегімен өткен аптада Қазақстанға жеткізілді», — деп мәлімет берді Әнуар Жайнақов.
Қазақстандықтың ең үлкен ұлы бес жаста, кенжесі бірнеше айлық қана.
«Әйел адам Орал тұрғыны. Қазір қайда екенін білмеймін. Қазақстанға келді», — деп түсіндіріп өтті Жайнақов.
Айта кетелік, қараша айының ортасында Сириядан 40-тан астам әйел мен бала құтқарылып, Грозный қаласына жеткізілген болатын.

sputniknews.kz

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті