jasqazaq.kz

Сириядан қайтарылған 18 жетім баланың туыстары табылды

13 мамыр 2019, 17:43

Сириядан қайтарылған 18 жетім баланың Қазақстандағы туыстары табылды. Бұл туралы «Жусан-2» операциясына қатысты өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Алдын ала тиісті жұмыстар жүргізіліп, барлық балалардың туыстары табылды. Олар жеткіншектерді өз отбасыларына қабылдауға дайын. Бұл тұрғыда баланы асырап алуға, құжаттарды қалпына келтіруге қатысты қажетті заңнамалық рәсімдер бар екенін түсіну керек. Бұл шаралар орындалғаннан кейін, жетім балаларды өз жақындарының тәрбиесіне беру үшін ешқандай кедергі болмайды», — деді Б. Рахымбердиев. Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Сириядан 231 Қазақстан азаматының елге жеткізілуіне байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады. «Менің тапсырмам бойынша 7 және 9 мамыр күндері Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді, оның 156-сы — балалар, дені мектеп жасына дейінгілер, соның ішінде 18-і — жетім балалар. Бұл ауқымды гуманитарлық акция — Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биыл қаңтар айында жүргізілген «Жусан» операциясының жалғасы», — делінген Мемлекет басшысының мәлімдемесінде.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық