jasqazaq.kz

Сирияда шамамен 250 қазақстандық әйел жүр

29 қантар 2019, 14:05

Сирия, Ирак және Ауғанстандағы қақтығыс аймақтарында шамамен 250 қазақстандық азаматша жүр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Комитеттің отырысы барысында айтты.

«Кетіп жатқандардың басым бөлігі әйелдер, әрине, олар күйеулерінің соңынан кетеді. Қазақстан аумағында осы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар бар. Қақтығыс болып жатқан аймақтарда қазақстандық әйелдердің жүргені жайлы мәліметтер бар. Біз олардың әрекеттеріне қылмыстық құқық тұрғысынан баға береміз. Елімізге оралған жағдайда олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деді Білісбеков.

Мұның алдында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шараның аяқталуына байланысты үндеу жасаған еді. «Биылғы 6 қаңтарда менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылды. Олар дағдарыс жайлаған елге алданып барып, террористердің тұтқынында болды. Қазақстанға келген соң әйелдер мен балаларға мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетілді. (…) Қақтығыс аймағында еріксіз жүрген балаларды қайтару жөніндегі жұмыстарды жалғастыра береміз. (…)», — деген еді Президент.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде