
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері БАҚ-тарда Сирияда өлтірілген қазақстандық азаматшалар жайлы жарияланған мәліметтерге пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«СІМ өкілдері бұл мәліметті тексеріп жатыр, бұл жағдай расында да болды ма, жоқ па — тексеру керек. Себебі дереккөз әлі расталған жоқ. Біраз уақыт керек. Сирия аумағында заңды және заңсыз жүрген азаматтарымызға қатысты мәселенің барлығын Иорданиядағы елшілік өкілдеріне әрі Сириядағы ҚР елшілігіндегілерге тапсырамыз», — деп хабарлады СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров брифинг барысында.