jasqazaq.kz

Сирияда Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылады

05 ақпан 2020, 11:41

Қазақстандық жетекші білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Сирия астанасы Дамаск қаласынан филиалын ашады. Бұл бастама Алматыда Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мерекесін атап өту салтанатының бастау алуы барысында айтылды. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Мерейтойлық жылдың ресми рәсімінің ашылуында сөз алған ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ұлы ойшылдың 1150 жылдық мерейтойын атап өту аясында ауқымды шаралар тек ел көлемінде ғана емес, шетелдерде де жоспарланғанын, соның ішінде Қазақстанның Дамаск қаласындағы тарихи-мәдени орталығы базасында ҚазҰУ филиалын ашу қарастырылғанын жеткізді.

Бұл бастама ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтановтың әл-Фараби жылының салтанатты ашылуына келген Дамаск Университетінің президенті профессор Мохаммед Махер Кабакибимен кездесуінде талқыланды.

«Біз бұл идеяны толықтай қолдаймыз және филиалдың құрылуына, алға жылжуына көмек береміз. Бұл халықаралық колоборация үшін жақсы үлгі болады, Қазақстан мен Сирия ғылыми-білім беру салаларында екіжақты қарым-қатынасын нығайтып, әл-Фараби мұраларына тереңнен зерттеу жүргізуді арттырады», — дейді Дамаск университетінің ректоры.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия