
АҚШ Қарулы күштерінің тікұшағы Сирияның әл-Хасак провинциясындағы Ярубия ауданында құлады. Бұл туралы РИА Новости Radio Sputnik-ке сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлайды.
Сириядағы SANA мемлекеттік агенттігінің мәліметінше, АҚШ басқыншылық күшінің тікұшағы Ярубия ауданындағы Тел-Хаддад аулында құлаған.
Апат болған жерді америкалық әскердің бронетехникасы қоршап алған.