jasqazaq.kz

Сирияда 22 қазақстандық есепте тұр

24 қыркүйек 2018, 17:46

Қазіргі уақытта Сирия аумағында Қазақстанның 22 азаматы есепте тұр. ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері құқық қорғау органдарымен бірге қалған қазақстандықтарды анықтау мақсатында жұмыстар жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Сирия аумағындағы және Ирактағы Қазақстан азаматтары жайлы айтатын болсам, СІМ өкілдері басқа да мемлекеттік органдармен бірігіп жұмыс істеп жатыр. Азаматтарды қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр. Оларды елге қайтару бойынша барлық мүмкін шараларды қарастырып жатырмыз», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров. «Бүгінде Сирия мен Ирактағы қазақстандықтардың туыстарынан Консулдық қызметтің департаментіне 20-дан аса өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта Сирияда Қазақстанның 22 азаматы бар екенін ресми түрде айта аламын, олар консулдық есепте тұр. Олардың 21-і Сирия азаматтарына тұрмысқа шыққан азаматшалар және сол жақта жұмыс бабымен жүрген бір ер адам. Қалған азаматтар есепте тұрған жоқ. (…) Осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз», — деп түсіндірді Смадияров. Еске сала кетейік, мұның алдында Сириядағы қазақстандықтардың терроризмге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқаны жайлы хабарлғанған болатын. «Маған Сирияда өмір сүріп жатқан қазақстандықтар хабарласты. Олар көмек сұрайды. Түркиямен шекаралас аумақтағы босқындарға арналған лагерьде тұрып жатыр екен. Жатқандарына сегіз ай болыпты. Неге оларға Қазақстанға келуіне көмектеспеске? Әрине, оларды онда баруға ешкім итермелеген жоқ, бірақ олар күйеулерінің артынан барды. Күйеулерінің барлығы қаза болған. Енді олар не істемек? Бәлкім, соғысуға баратын шығар. Ал біздің қазақстандық балалар осындай жағдайда өмір сүруі керек пе?», — деп жазған еді журналист Асхат Ниязов Facebook желісіндегі парақшасында.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді