jasqazaq.kz

Сирияға кеткен ақтөбелік келіншекке іздеу жарияланды

01 қараша 2016, 0:11

siriyaАқтөбеде үш баласын тастап, Сирияға кеткен келіншекке халықаралық іздеу жарияланды. Оның үстінен терроризмді насихаттағаны, лаңкестік топтың қызметіне қатысқаны және діни алауыздықты қоздырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбе соты жұбайын із-түссіз жоғалды деп тануды сұраған қала тұрғыны Мирболат Жаманқұловтың шағымын қарады. Ер адамның айтуынша, әйелі осыдан үш жыл бұрын Алматыға кеткен. Одан кейін Қырғызстан асқан. Кейінірек ол жолдасына телефон соғып, Сирияда екендігін, жағдайының жақсы екендігін хабарлапты. Содан бері әйелден ешқандай хабар жоқ. Екеуі заңды некеге 2005 жылы отырған. Араларында 4, 8 және 12 жастағы кәмелетке толмаған үш бала бар. Алайда жұбайынан ажырасуды мақсат еткен Мирболат Жаманқұловтың шағымын сот қанағаттандырған жоқ.

— Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Ақмарал Алмағанбетоваға қатысты терроризм мен экстремизмді насихаттау, террористік топ қызметіне қатысу және діни алауыздықты қоздыру деректері бойынша іс қозғалған. Яғни, Қылмыстық кодекстің 174- бабының 1-ші, 256-бабының 2-ші және 257-бабының 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланды,-делінген облыстық баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Құқық қорғау органдары берген мәліметке сүйенсек, келіншек ел шекарасын жаяу кесіп өтіп, Қырғызстанға бағыт алған. Осының негізінде сот оны із-түссіз жоғалды деп тануға негіз жоқ деп тапты

serke.org

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды