jasqazaq.kz

Синтетикалық есірткі сататын 60-тан астам сайт жабылды

18 қараша 2018, 14:16

Солтүстік Қазақстан облысында наркология орталығында 800 нашақор есепте тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, синтетикалық есірткіні шамадан тыс пайдалануға қатысты 50 факті анықталған. «Біз синтетикалық есірткі сататын 60 электрондық ресурсты анықтадық. Олардың барлығы бұғатталды, бірақ бұл олардың жаңа интернет парақшаларды ашуға кедергі болмай тұр», — деп атап өтті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди. Бұл ресурстардың сілтемесін Петропавл ғимараттарының қабырғаларына жиі жазып кетеді. Мұндай жазбаларды тұрғын үйлерден, аялдамалардан, гараждардан байқауға болады. Көптеген азаматтар бұл граффитилердің нені білдіретіндері білмейді. Ал, жастар әуесқойлықпен сілтемеге кіріп, есірткі тарататындардың желісіне тап болуы мүмкін. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Біз есірткіге қарсымыз» акциясын ұйымдастырды. Оған полицейлер, колледж, университет студенттері, еріктілер қатысты. Студенттер бір күннің ішінде 100 сілтемені өшіріп шықты.

«Мұндай акциялармен халықтың назарын осы мәселеге аудармақшымыз. Әзірге біз тек граффитилерді бояу арқылы ғана күресе аламыз. Қазір синтетикалық есіркілерге қарсы күрес мәселесі заңнамалық деңгейде қарастырылып жатыр», — деп атап өтті Иван Терзиди. Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық полицейлер 1,5 келі синтетикалық есірткі тәркілеген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде