jasqazaq.kz

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

25 ақпан 2020, 16:26

Ауа райының бұзылуына байланысты 26 ақпан күнге бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде жаңбыр молынан жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін. Түркістан қаласында күннің екінші жартысында нөсерлі жаңбыр жауып, күндіз желдің күші 25 м/с күшейетіні күтіледі. Шымкент қаласында күннің соңында қатты жаңбыр жауып, күндіз оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 25 м/с артуы ықтимал. Қостанай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, 23-28 м/с артады. Қостанай қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының орталығы — Көкшетау қаласында тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с артады. Орал қаласында тұман, көктайғақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз 18 м/с жетуі ықтимал.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия