jasqazaq.kz

Сіңлісінің мәйітін 18 жыл тоңазытқышта сақтап келген

20 ақпан 2019, 12:07


Әйел жоғалып кеткен сіңлісінің мәйітін 18 жыл тоңазытқышта сақтап келген Қазір 45 жастағы әйел қамауға алынған, тергеу жүргізіліп жаты
Хорватияның солтүстігіндегі Паловец ауылында 18 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды. Ясмина Доминич 2000 жылы 23 жасында жоғалып кеткен. Бастапқыда туыстары оны Францияға жұмыс істеуге кетті деп жүреді. Тек 2005 жылы ғана полицияға арыз беріпті. Сол кезде тәртіп сақшылары үйдің маңайын тінтіп, бірақ ішін тексермеген болатын, деп мәлімет берді полиция өкілі Ненад Рисек. Осы уақыт бойы пакетке оралған мәйіт үйдегі тоңазытқышта сақталып келіпті. Қазір бұл үйде Ясминаның әпкесі қызы және күйеу баласымен бірге тұрады. Жоғалған қыздың әкесі де сонда тұрып, екі жыл бұрын қайтыс болған екен. Анасы Германияда жұмыс істейтін көрінеді. Жергілікті басылымның хабарлауынша, үйде жарық сөніп қалған соң, тоңазытқыштан жағымсыз иіс шығып, Ясминаның әпкесінің күйеу баласы мәйітті тауып алады. Бұған дейін үйде тағы бір тоңазытқыштың барын білмеген екен. Ясмина Доминичті өлтірді деген күдікке оның туған әпкесі ілінді. Оқиғаның мән-жайын түгел анықтау үшін, мемлекеттік айыптау мәйітті ДНҚ сараптамасына жіберу туралы шешім қабылдады. Расталмаған деректер бойынша, 45 жастағы әйел қамауға алынған, қазір тергеу абақтысында отыр.

КТК

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде