jasqazaq.kz

СІМ: Украина-Польша шекарасынан 241 қазақстандық өтті

28 ақпан 2022, 14:27

Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті, тағы 99 азамат шекарада кезекте тұр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«28 ақпандағы жағдай бойынша Украина-Польша шекарасын Қазақстанның 241 азаматы кесіп өтті. Шекарада тағы 99 отандас күтіп тұр, олармен бірге Қазақстанның Киевтегі Елшілігінің дипломаттары бар.

Қазақстанның Польшадағы Елшілігі біздің азаматтардың шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін поляк тарапынан шекарада дипломаттардың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етті», — делінген хабарламада.

174 орынға есептелген «Эйр Астананың» эвакуациялық борты 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09.50-де Атыраудан ұшып шыққаны атап өтілді. Катовице қаласына келетін уақыты — Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14.00.

Катовице — Атырау бағыты бойынша кері рейс 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.30-ға жоспарланған.

Қазақстан азаматтары Катовицеге жиналып жатқандықтан, қосымша эвакуациялық рейстер де жоспарланған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық