jasqazaq.kz

СІМ өкілі Toyota көлігі өндірісін ашу мәселесіне қатысты пікір білдірді

22 желтоқсан 2022, 15:47

Сыртқы істер министрлігі Toyota, Kia, Hyundai және JAC көліктері өндірісін ашу мәселесіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Toyota бір кездері Қазақстанда автокөлік шығаруға тырысты, бірақ нарық бұл көліктерді шығару құнын қабылдамады. Қазір, әсіресе, Қазақстанда басқа да автокөлік маркалары – Kia, Hyundai дамып келе жатқанын ескерсек, Қытайдың автоөнеркәсібі өте белсенді, Toyota Қазақстанда бәсекеге қабілетті бола алмайды деп ойлаймын», — деді сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров ОКҚ өткен брифингте.

Оның айтуынша, Қазақстанда Toyota көлігін шығару құны басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

«Бұл біздің нарық үшін бәсекеге төтеп бере алмайды. (…) Олардың Ресейде де осындай зауыттары болған және осы уақытқа дейін Toyota-ның барлық жеткізілімдері ресейлік автоөнеркәсіптерден жасалған. Toyota Ресейдегі өндірісін әлі толығымен тоқтатқан жоқ, қоймаларда бар, сондықтан жеткізілім сол жақтан келеді», — деді Айдаров.

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Toyota компаниясымен Қазақстанда өндіріс туралы келіссөз жүргізудің мәні жоқ деп есептейді.

«Қазір Kia, Hyundai, JAC және басқаларымен жақсы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бізде нарыққа жеткілікті көлем бар. Брендтің келуі біз үшін әрқашан басымдылық емес немесе біз үшін тиімді», — деп түйіндеді ол.

15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка