jasqazaq.kz

СІМ Қытай азаматтары үшін визаны алып тастау туралы қауесетке қатысты пікір білдірді

11 маусым 2018, 11:32

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері әлеуметтік желілерде Қытай азаматтары үшін визаның алынып тасталатыны жайлы қауесетке қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство өкілдері Қытаймен визасыз режим болатыны жайлы мәліметті жалған деп атады. «Қазақстан тарапы Қытайдың халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қазақстан азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 24 сағаттан 72 сағатқа ұзарту, сондай-ақ Қытайға баруға ниетті қазақстандықтарға дербес виза ресімдеуді қайта бастау бойынша қытай тарапымен белсенді жұмыс жүргізіп отырғанын естеріңізге саламыз», — деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілдері. «Осы бағыттағы жұмыс екі ел арасында қалыптасқан жан-жақты өзара әріптестік, тараптардың мүдделеріне өзара құрмет негізінде жалғасып жатыр», — деді ведомство өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде