jasqazaq.kz

СІМ: Кабулдағы Қазақстан елшілігі талибандардың қорғауында болады

20 тамыз 2021, 15:43

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Қазақстан елшісінің Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысының өкілдерімен (Қазақстанда тыйым салынған) болған әңгімесі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Саяси деңгейде мұндай байланыстар болған жоқ. Бірақ Кабулдағы біздің елшілігіміздің ақпараты бойынша, талибандар Кабулды басып алған кезде олардың бір бөлігі біздің елшілік орналасқан аймаққа кірді. Елші көшеге шықты. Ол кезде күзет болған жоқ.

Талибан жақындаған кезде елші олармен сөйлесуге шықты. Олар «Сіздер кімсіздер? Қайдағы елшілік?» деп сұраған. Біздің тарап бұл Қазақстанның елшілігі екенін айтқан. Олар: «ештеңеден қорықпаңыз. Қалай жұмыс істесеңіз де жұмыс істеңіз. Сіз біздің қорғауымыздамыз» деп ескертіпті. Содан бері олар біздің елшілікті күзетеді. Әзірге тек осындай деңгейде ғана байланыс болды», — деді Ақан Рахметуллин ОКҚ-дағы брифингте.

Еске салайық, 15 тамызда содырлар ел астанасына кіріп, президент сарайын бақылауға алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден қашып кетті. Қазіргі уақытта Ашраф Ғани отбасымен БАӘ-де.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия