jasqazaq.kz

СІМ басшысы Зюгановтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

10 наурыз 2022, 11:38

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік депутат Геннадий Зюгановтың Қазақстанның солтүстік аймақтары туралы мәлімдемесінен кейін Қазақстан неге наразылық білдірмейтінін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Ресми наразылық болмайды. Біз Зюганов Ресей Федерациясының Коммунистік партиясының көшбасшысы екеніне сүйенеміз. Ол қазіргі үкіметке оппозициялық партия ретінде танылған. Оппозиция әрқашан қазіргі биліктің ресми ұстанымынан бөлек немесе тіпті қайшы келетін сол немесе басқа пікірді ұстанады.

Зюгановтың сөзін Ресейдің федерал арналарының ешқайсысы көрсеткен жоқ. Президентіміздің Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресейдің Қазақстанға аумақтық талаптары жоқ екені жоғары деңгейде расталды», — деді Тілеуберді үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалдарына жауап беріп.

Ол Ресей Коммунистік партиясы КСРО Коммунистік партиясының із басушысы және сол идеологияға негізделгенін, яғни ол дүниежүзілік социалистік революцияны жүзеге асыруды және бүкіл әлемде пролетариат диктатурасын орнату мақсатын көздейтінін айтты.

«Назарыңызды бұл видео 2 ай өткен соң пайда болғанына аударғым келеді. Бұл видеоның Украинадағы оқиғалар кезінде пайда болуы кездейсоқ емес. Қарулы әскери қақтығыс ақпараттық кеңістіктегі күрестің шиеленісуімен қатар жүретінін және Қазақстанның ақпараттық кеңістігін қамтитынын түсіну керек.

Белгілі біреулер мен арандатушылықтарға қарсы әрекетті өздеріңіз, журналистер ескеруі керек екенін түсінуіңіз керек. Сіздер бұл видео неге бұрын емес, қазір шыққанын анықтауыңыз керек. Оны кім жариялады және т.б.», — деп қосты министр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде