jasqazaq.kz

СІМ: Ауғанстандағы этникалық қазақтардың бәрі бірдей көшкісі келмейді

20 тамыз 2021, 16:15

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин этникалық қазақтарды Ауғанстаннан көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, бірақ олардың барлығы бірдей елден кеткісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Олардың пікірін ескеру қажет: олар эвакуациялауды қалайды ма, соны сұрауымыз тиіс. Өйткені кейбіреулері аса ынталы еместігі туралы мәліметтер келіп түсіп жатыр. Олар, басқалар сияқты, қазір қарап, әліптің артын бағып отыр. Эвакуациялауға адамдардың жеткілікті саны толғаны туралы белгі түсе салысымен, тиісті шешім қабылданады. Бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауында, — деді ОКҚ-дағы брифингіде Ақан Рахметуллин.

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстандағы этникалық қазақтарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазір Ауғанстанда 13 этникалық қазақ отбасы тұрады.

Олар бүкіл елдің әр аумағында шашырап жатыр, негізінен солтүстік провинцияларда. Елшілік олармен үнемі байланыста. Оларда да топтың белсенді өкілі бар, ол елшілікпен үнемі байланыс ұстап отырады,- деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия