jasqazaq.kz

Сілтемені баспаңыз! Еңбек министрлігі дабыл қақты

24 тамыз 2021, 10:11

Тағы бір фейк ақпарат әлеуметтік желіде желдей есуде. Бұл жолы әрбір қазақстандық 125 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем алуға құқылы деген дақпырт тарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол үшін белгілі бір сілтемелерді басу қажеттігі айтылады.

ҚР Еңбек министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды және азаматтарға мұндай хабарламаларды киберқылмыскерлер жеке шоттар мен банк шоттарына ену үшін пайдалана алатынын ескертті.

Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін күмәнді сілтемелерге кірмеңіздер немесе жеке деректеріңізді ол арада қалдырып жүрмеңіздер. Біз азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз, — дейді Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.
Жалған ақпарат таратқан үшін заңда жаза барын еске саламыз.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия