jasqazaq.kz

Сібірдегі апатта қаза тапқандардың екеуі еліміздің азаматтары (видео)

22 қазан 2016, 18:40

snimok

https://www.youtube.com/watch?v=1Gys6aiVI4s#action=share

Бүгін Ресейдің Ямало-Ненецк автономдық округінде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан 19 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алған. Қаза тапқандардың арасында 2 Қазақстан азаматы бар.

«Ямало-Ненецк автономдық округінде апатқа ұшыраған тікұшақта екі Қазақстан азаматы болған. Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұратын отандастарымыз «Спецстрой» компаниясында жұмыс істеген. Қаза тапқандардың аты-жөні белгілі. Бірақ оларды айта алмаймын», — деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

ҚР СІМ қаза тапқан азаматтардың денесін елге жеткізуге көмек көрсетеді.

«Біз қаза тапқан азаматтардың туыстарына хабарласып жатырмыз. Ресейдің Омск қаласындағы консулдығымызбен және Түмен облысындағы құрметті консулдығымызбен бірігіп, оларға тиісті көмек береміз. Олардың денесі нақты қашан елге жеткізілетіндігі белгісіз. Бүгінде Ресейдегі мәйітханада. Кейінірек толығырақ ақпарат береміз», — деді баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Уренгой FOREVER» тобында Ресейдің Ямало-Нененцк автономды округіндегі әуе апатынан қаза тапқан 19 азаматтың аты-жөні жарияланған:

Антонов Борис Иванович, Веремьев Алексей Александрович, Токарев Николай Владимирович, Салов Владимир Викторович, Пайков Виктор Евгеньевич, Яковенко Александр Николаевич, Акзямов Ильдар Иргашевич, Овсянников Юрий Владимирович, Верзилов Дмитрий Леонидович, Афонин Андрей Викторович, Уваров Владимир Михайлович, Кошелев Борис Петрович, Семеновых Николай Никандрович, Веденкин, Стариков Александр Петрович, Бахтин Николай Александрович, Луконцов Александр Алексеевич, Александр Иванович, Светличный Валерий Викторович, Рыбьяков Александр Степанович.

baq.kz

 

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды