jasqazaq.kz

Сібірде миллион гектарға жуық орман өртенді

25 шiлде 2019, 10:14

Ресейдің Краснояр өлкесі мен Иркутск облысында миллион гектар орман жанып жатыр. Бұл туралы ақпарат «Орман өртін сөндіру орталығы» мен Иркутск облыстық ТЖМ ММ сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Краснояр өлкесінде 22 шілде күні таңертең 656 мың гектар аумақта 102 өрт болған. Иркутск облысында 262 мың гектар жерде 100 өрт шыққан. Ведомстволардың ақпараты бойынша, өрт бақылауға алынған. Одан шыққан түтін басқа аудандар мен өңірлерге тарап жатыр. Краснояр өлкесінде өртке байланысты Кемеровте «қара аспан» режімі енгізілді. Аймақта түтінге байланысты жол көрінбей қалған. Новосібір облысында ТЖМ-ге Краснояр өлкесінде өрттің шығуы салдарынан түтінге 700 адам шағым түсірген. Түтін көрші өңірлерге – Новосібір, Томск облыстары мен Хакасия Республикасына тарап жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде