jasqazaq.kz

Шұжық жеген 3 жасар бала көз жұмды

13 қараша 2018, 21:44


Тағы да шұжықтан адам уланды! Ақтауда бүтін бір отбасы қуырылған шұжық пен макарон жеп ауруханаға түсіп, 3 жасар балалары шетінеп кетті. Қазір мамандар оның қандай шұжық екенін біле алмай жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұл ет өнімін отбасы көршілерінен алған. Тұрмысы төмен отбасына шұжықты бергенде көршісі оның жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін ескертіпті. Әйтсе де, 4 баланың анасы шұжықты қуырып ортаға қойған. Тамақтанғаннан кейін сәлден соң, 3 жасар ұлының іші қатты ауырған. Анасы ішін арнайы ерітіндімен тазартқан соң ұйықтап қалса керек. Түнде қалған отбасы мүшелері де іштері өтіп, құса бастаған. Ал, таң ата жедел жәрдем келгенде 3 жасар сәби шетінеп кетті. Қазір анасы 3 баласымен аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатыр. Әкелерінің жағдайы жақсы, үйіне жіберілген. Баланың өліміне себеп болған жағдай қазір тексерілу үстінде. Бірақ, мамандар әзірге олардың қандай шұжық жегенін біле алмай дал. Өйткені қолданған шұжықтың не өндірушісін, не атауын ешкім білмейді.

Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы:

-Ауруханада жатқан отбасы мүшелерінің жағдайы қалыпты. Өмірлеріне қауіп жоқ.Олар өздерінің сүрленген шұжық жегендігін айтады.Егер олар ертерек медициналық көмек сұрап, дәрігер шақыртса баланы аман алып қалуға болар еді.Өкінішке орай,олай етпеген.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді