jasqazaq.kz

Шырын Наршаева жауапқа тартылуы мүмкін

16 қантар 2019, 21:57

Ұлттық құндылықтарды қорлағандар сотқа тартылуы мүмкін Ұлттық құндылықтарды заңмен қорғайтын уақыт жетті. Ұлттық киім киіп, жартылай жалаңаш тәнін көрсететіндердің ісі енді сотта қаралуы мүмкін. Заңгер Құрманғазы Мүсір осы мәселе бойынша құқық қорғау мекемелеріне арызданыпты. Құқық қорғаушының айтуынша, оның бастамасын жүздеген адам қолдапты. Сондай-ақ, ол осындай жағдайлар көбейіп кеткендіктен ұлттық құндылықтарымыpды қорғайтын арнайы заң қажеттігін айтады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жалаңаштану жарнама ма? Бұл жағдай әлеуметтік желіде жас қыздар арасында жаппай белең алып келеді. Блогер Шырын Наршаеваның сәукелені киіп, жартылай шешінуі жұртшылықтың ашуын тудырғаны белгілі. Этнограф-ғалым Болат Бопайұлы мұның бәрі отбасындағы солқылдақ тәрбие мен әлеуметтік желінің әсері дейді.

Болат Бопайұлы, Салт-дәстүр академиясының академигі:

— Ұлттық киімді киіп бір ұлттың намысын түсірсе оған жаза қолдану керек деп ойлаймын. Ертеңгі күні жалпы барлық қыз сондай істеуі мүмкін ғой.

Заңгерлер ұлттық құндылықтарымызды қорғайтын заң қабылдайтын уақыт жетті деп есептейді. Қазақтың сәукелесін жалаңаш тәніне киіп, дүйім жұртты шулатқан бойжеткеннің ісі енді сотта қаралуы мүмкін. Осы мақсатта құзырлы орындарға арыз жазған Құрманғазы Мүсір ұлттық тарих пен мәдениетті қорлағаны үшін сараптама тағайындауды сұрап отыр.

Құрманғазы Мүсір, заңгер:

— Маған 100-ден астам адам өтініш тастады осы бойынша көмек беріңіз деп. Бұл халықты ұлттық киімін, тарихи маңызды құндылығы болып саналатын сәукелені киіп, мазақ қылуға болмайды.

Блогер бойжеткеннің осы іс-әрекетінен соң әлеуметтік желідегі пікір екіге жарылды. Кейбірі бойжеткенді айыптаса, ендігі бір тобы ақылға шақыруда.

Жәнібек Иманмәзір, алматы қаласының тұрғыны:

— Ашық-шашық жүруге, жаңағы әлеуметтік желіге шығуға тыйым салу керек. Аталарымыз айтқан ғой «Қыз бұзылса ұлт бұзылады» деп. Міне сол үшін мұның бәріне тыйым салу керек.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес елімізде ұлттық құндылықтарға қатысты бап қарастырылмаған. Заңгерлердің пікірінше, қалыңдық қана киюге хақылы қастерлі бас киімді қорлайтындар жауапкершілікті сезінетіндей нақты шешім қажет. Сонда ғана мұндай келеңсіздіктерге тоқтам болуы мүмкін. Айта кетейік, Шырын Наршаева «Астарлы ақиқат» ток-шоуында өз қылығын ар санамайтынын жеткізген еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде