jasqazaq.kz

Шыңжаңның ірі қалаларында коронавирустың өршуіне байланысты шектеу енгізілді

10 тамыз 2022, 15:43

4 миллионнан астам халқы бар ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің (ШҰАӨ) әкімшілік орталығы Үрімшіде коронавирустың өршуіне байланысты бес күндік шектеулер енгізілді. Бұл туралы меншікті тілшісі індетпен күрес жөніндегі жергілікті штабқа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Сейсенбіден бастап Үрімші қаласының алты ауданының тұрғындарына көшеге шығуға шектеу қойылды. ШҰАӨ әкімшілік орталығында «статистикалық басқару» енгізіледі және тұрғын орамдар, тіпті жеке аулаларға дейін «бір рет кіріп-шығу» қағидаты қатаң сақталатын болады.

Муниципалды мемлекеттік органдар мен барлық деңгейдегі мекемелердің қызметкерлері қашықтан жұмыс режиміне ауысады. Тек ауылшаруашылық базарлары, қажетті тауарлары бар дүкендер, дәріханалар мен ауруханалар ашық болады. Қалалық қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Хабарламада айтылғандай, бес күн ішінде аса қажеттілік болмаса, Үрімші қаласына келуге тыйым салынады. Бұл ретте әуе, авто және теміржол қатынасы қалыпты режимде жұмыс істейтін болады.

Ковидке қатысты шектеу 500 мыңға жуық халқы бар Инин (ҚХР ШҰАА) қаласында да енгізілді.

Соңғы мәліметтер бойынша, жалпы алғанда, шілде айының соңынан бастап ШҰАӨ-де 500-ден астам асимптоматикалық коронавирус тасымалдаушысы анықталды. Олардың көпшілігі Инин қаласында (405 жағдай) тіркелген.

COVID-19 ауруы Шыңжаңның басқа да ірі елді мекендерінде – Үрімші, Хотан, Турфан, Ақсу, Болэ және Хами қалаларында, сондай-ақ Қашғар, Тачэн және Алтай округтерінде тіркелген.

Өткен тәулікте ШҰАӨ-де коронавирустың 120-дан астам симптомсыз тасымалдаушысы тіркелген, оның 70-тен астамы Инин қаласында анықталған.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр