jasqazaq.kz

Шыңжаңда ірі мұнай кен орны табылды

11 тамыз 2022, 10:53

ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің (ШҰАӨ) Тарим бассейнінде 1,7 млрд тонна мұнай қоры бар ірі мұнай кен орны табылды. Бұл туралы «Хуанцю Шибао» басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 

Басылымның мәліметінше, Sinopec group Қытай мұнай-химия корпорациясы Шунбэй мұнай-газ кен орнын (Тарим бассейні, ШҰАӨ) барлау барысында 1,7 млрд тонна мұнай қоры бар мұнай кен орнын тапты.

Жаңа мұнай кен орны – әлемдегі ең терең коммерциялық мұнай және газ кен орындарының бірі, оның орташа тереңдігі 7 шақырымнан асады.

Шыңжаңдағы Тарим бассейнінде жер астында 6 мыңнан 10 мың метрге дейінгі тереңдікте орналасқан мұнай мен газ қорлары Қытайдағы мұнай мен табиғи газдың жалпы қорының тиісінше 80%-дан астамын және 60% ын құрайды.

Басылымның бағалауы бойынша, Тарим бассейніндегі мұнай мен газ қоры келесі 10 жылдағы Қытайдың қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Жаңа мұнай кен орнының барланған қорлары екі жылға мұнайға деген ішкі сұранысты қамтамасыз ете алады. Өйткені елде жылына шамамен 800 миллион тонна мұнай пайдаланылады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық