jasqazaq.kz

Шұңқырға құлаған бала құтқарылды

26 желтоқсан 2019, 18:34

Семейде терең шұңқырға құлап кетіп, онда 8 сағат отырып қалған бала құтқарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат қаланың полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияға 25 желтоқсан күні сағат 21:20-да 102 каналына Холодный ключ ауылының тұрғыны хабарласып, оның 9 жастағы ұлы жоғалып кеткенін хабарлаған. Оның сағат 15:00-де үйден шығып кетіп, қайта оралмағаны анықталды.

«Оқиға орнына кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар, полицияның Әуезов бөлімі жедел-тергеу тобының қызметкерлері, патрульдік полиция батальонының патрульдік жасақтары жіберілді. Олар ауыл тұрғындарымен бірлесіп іздестіру шараларын жүргізді. Сағат 23:50 шамасында автобус аялдамасының алдында терең шұңқырдан бала табылды», — деді басқарманың баспасөз қызметі.

Суық тиген жеткіншек балалар ауруханасына жеткізілді. Оған өкпе қабынуы деген диагноз қойған. Қазір баланың жағдайы қалыпты.

Кейін белгілі болғандай, бала үйден шығып, жақын тұратын әжесіне бармақ болған. Әжесінің үйінде 10 минут болып, далаға ойнауға шығып кетіп, осы шұңқырға құлап кеткен екен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде