jasqazaq.kz

Шынайы деректер VS үрейлі оқиғалар

05 қараша 2019, 15:05


Америка Құрама Штаттарында «түсініксіз эпидемиямен» вейперлердің үрейін алып жатқанда, Ұлыбританияда эмоцияларға берілмеу, оның орнына ғылыми мәліметтер мен дәлелдерге назар аудару ұйғарылды.

Бүгінде Action on Smoking and Health (ASH) ақпаратына сәйкес, Ұлыбританиядағы вейпингпен айналысатын адамдар саны 3,6 миллион адамға жеткен – бұл елдегі барлық темекі шегушілердің шамамен жартысы. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, вейперлердің көпшілігі бұрынғы темекі шегушілер болып табылады және олар өз денсаулығына зиянды азайту ниетінде электронды темекіні пайдаланатындарын айтқан.
Осы күндері британиядағы зерттеулер жандана түсті, өйткені АҚШ-та ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары вейпингпен байланысты өкпе ауруларының жұмбақ сипаттағы өршуін зерттеуге басты назар аударуда. Эпидемия салдарынан отыздан астам адам қаза тапты, соңғы мәліметтерге сәйкес 1 500-ден астам сырқатқа шалдықты. Зардап шеккендердің көпшілігі «марихуананың булануы» туралы хабарлады, яғни олар шеккен бу құрамында сорадағы қауіпті психоактивті компонент – ТГК (тетрагидроканнабинол) болған. Дей тұрғанмен, зардап шеккен вейперлердің төңірегінде дау-дамайлар толастамауда.
Темекіге қарсы қайырымдылық ұйымы Action on Smoking and Health 2012 жылдан бастап электронды темекі пайдалану үрдісін қадағалайды. Олардың соңғы есебіне сәйкес, 2017 жылы вейпинг тағы 70 000 адамға темекіні тастауға септігін тигізді. Ұлыбританиядағы вейперлер саны 2012 жылы 700 000-нан 2019 жылы 3,6 миллионға дейін артты және олардың 54%-ы дәстүрлі темекі шегу әдетінен айырылды.
«Барлық вейперлердің дәстүрлі темекі тұтынуын толық тоқтатуы маңызды, себебі бұлай жалғаса берсе, олар шылым шегуден туындайтын аурулар қаупіне өз денсаулығын ұшыратуын жалғастырады», — деп есептейді профессор Энн Макнил. Маман Англиядағы қоғамдық денсаулықты сақтау үшін электронды темекіге шолу жасаған. Оның ойынша: «Вейпинг қауіпсіз емес, алайда ол – Ұлыбританияда жылына 100 000 адам өліміне себепші болатын темекі шегуге қарағанда тәуекелі аз таңдау».
Ұлыбританиядағы Денсаулық сақтау органдарының ұстанымы өзгеріссіз екенін айта кеткен жөн, ол вейпинг шылым шегуге қарағанда 95%-ға қауіпсіз дегенді меңзейді. Аталмыш позицияның көптеген зерттеулермен расталғаны бекерден бекер емес. Осы ретте ASH атқарушы директоры Дебора Арнотт келесідегідей пікірді алға тартады: «АҚШ-тағы вейперлердің ауырғаны туралы жаңалықтарға байланысты өзге вейперлер балама құрылғыларды пайдаланудан қорықпауы тиіс. Сондай-ақ темекі шегушілер дәстүрлі темекі тұтыну әдетінен арылуы шарт, оларға қауіпі төмен булануға ауысу керек. Заңсыз әрі реттелмейтін интернеттегі өнімдерді емес, Ұлыбританиядағы сенімді жеткізушілер ұсынатын вейп үшін заңдастырылған құрылғылар мен оларға ингредиенттерді ғана пайдалану маңызды».
Құрамына Қазақстан кіретін ЕЭО-та жақында жасалған хабарламаларға сәйкес, вейптерге және темекіні қыздыру жүйелеріне техникалық регламентті қабылдауға дайындық басталды, өйткені қазір бірлестіктің қатысушы елдерінде бұл өнімдердің сапасы мен айналымы іс жүзінде бақыланбайды. Қазірдің өзінде никотині бар өнімді техникалық реттеу тұжырымдамасы әзірленді, оған сәйкес техникалық регламентте бұйымдарды өндіруге (оның ішінде ингредиенттер), сондай-ақ сақтауға, тасымалдауға және сатуға, сондай-ақ таңбалауға – яғни қаптамадағы ақпаратқа қойылатын талаптар көрсетілетін болмақ. Тұжырымдамада бұл бастама қауіпті ингредиенттері бар өнімдерді нарықтан алып тастауға және аэрозольдардағы зиянды заттарға қойылатын талаптарды белгілеуге мүмкіндік береді деп айтылған. Сонымен қатар, «өнімді пайдалануға байланысты тәуекелдер туралы тұтынушыларды ескерту үшін қажетті ақпараты көрсетілмеген» қаптамадағы бұйымдарға тыйым салу жоспарлануда.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда