jasqazaq.kz

Шымыр болсаң, Шымбұлаққа бар

24 ақпан 2020, 16:41

Шымбұлақ – таза ауа жұтып, табиғатқа тамсанып, серуендеп қайтатын жер ғана емес, түрлі жарыс өтетін дүбірлі аймақ. Бұл жерге сенбі және жексенбі күні келгендер адамның көптігіне қайран қалып жатады. Жасты да, қарияны да көзіңіз шалады. Араларында шетелдіктер де жүр. Алатаудың биіктегі «алтын ордасын» олар да біліп алған. Соңғы кездері Шымбұлаққа барғандар қарға сырғанаудан ұйымдастырылатын жарыстарға да жиі куә болады. Оқушылар, әуесқойлар арасында өтетін, болмаса әлдебір клубтық сайыстарды көріп, осыны тамашалау үшін арнайы келетін адамдар барына қуанады.

Өткен апта экстремалды спорт түрін жақсы көретіндерге жаңалық сыйлады. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Gorilla Winter Jungle – трамплиннен секіріп, ауада, жерде түрлі трюктер жасайтын шаңғышылар мен сноубордшылар арасындағы сайыс алматылықтар мен қала қонақтарына тосын сый жасады.


Халықаралық деңгейдегі жарыста ерлер Big Air (Freeski, Snowboard) және Jibbing (Freeski, Snowboard) бағдарламалары бойынша сынға түсті. Спортшылардың шеберлігін халықаралық деңгейдегі танымал райдерлер бағалады. Бір ерекшелігі — былтыр жүлде алғандар биыл да жеңіс тұғырынан көрінді. Айталық, қатарынан екінші орын алған Сәкен Қағаров енді-енді дамып келе жатқан спорт түрін меңгеріп жатқанын мақтан етеді. Бұл туралы ол: «Өзімді елімізде кәсіби спортшымын деп санаймын. Әлемде, әрине, өлшем басқа. Қазақстанда бұған дейін көп мүмкіндік болған жоқ, енді ғана осы спортпен айналысу үшін жағдай жасала бастады. Қатарынан екінші жыл үшінші орын алдым, ұйымдастырушыларға рахмет!

Жарыс қорытындысы бойынша Big Air I Snowboard бағдарламасында бірінші орынды Александр Смелов алды. Ресейлік спортшының отандасы Михаил Ильин екінші, Степан Деоносьев үшінші орынды иеленді.


Jibbing I Snowboard-тан Михаил Ильин – үздік, Әділет Оразбаев жігерлілігі үшін марапатталды.
Big Air I Freski бойынша Артем Афансьев, Даниил Тавдишвили, Сәкен Қағаров үздік үштікті бөлісті.


Jibbing I Freski бойынша үздік деп танылған Артем Афанасьев пен Тимур Губаев жеңіске деген ұмтылысы үшін көзге түсті.


Әйелдер арасындағы жастықшаға секіру мен jibbing бойынша қырғызстандық спортшы Александра Нестерова екі аталым бойынша да үздік деп танылды.
Жеңімпаздарға 55 мыңнан 330 мың теңгеге дейін ақшалай сыйлық табысталды.

 

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ

Фото: Ғалия ҚАЛИЕВА

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия