jasqazaq.kz

Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды

Бүгін, 15:42

Елімізде үйсіз жандарды қолжетімді баспанамен қамту – әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын тауып келеді.

Басты мақсат – баспана мәселесін шешу

Шымшаһардың халқы өсіп, жаңа шағын аудандар қалыптасып жатқан жағдайда тұрғын үй қорын ұлғайту қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бөлігі болып отыр. Жаңа үйлердің салынуы азаматтарды баспанамен қамтамасыз етумен қатар, заманауи инфрақұрылымы бар жаңа тұрғын аумақтардың қалыптасуына ықпал етеді.

Кредиттік ипотека, жалға берілетін тұрғын үй және сатып алу құқығы бар бағдарламалардың қатар іске асуы баспана мәселесін шешуге мұқтаж азаматтардың әр түрлі санаттарына мүмкіндік береді.

Жалпы Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жаңа тұрғын үйлердің пайдалануға берілуі, жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың іске асуы және жалға берілетін пәтерлердің ұсынылуы кезекте тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешуге бағытталған. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және қаладағы тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.

Жеңілдетілген ипотека – баспана алудың бір жолы

Шымшаһардағы тұрғын үй саясатының маңызды бағыттарының бірі – кезекте тұрған азаматтарды жаңа пәтерлермен қамтамасыз ету. Бүгінде бұл бағытта несие және жалға берілетін тұрғын үй тетіктері қолданылуда.

Қала тұрғындары үшін баспанаға қол жеткізудегі тиімді құралдың бірі — «Отбасы банктің» «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары. Жуырда осы бағдарламаларға кезекті 31 отбасы қатысып, жаңа пәтерге қол жеткізді. Жаңа баспана оларға «Ақжайық» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерден бұйырды. Жаңа пәтер иелерінің қатарында ерекше қажеттілігі бар азаматтар, көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және бюджеттік сала қызметкерлері бар. Бұл тұрғын үй саясатының әлеуметтік тұрғыдан осал және баспанаға мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталғанын көрсетеді.

Сондай-ақ шаһарда тұрғын үй кезегінде тұрған тағы 40 отбасы сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы арқылы пәтер алды.

Бұл жолы пәтерлер жеңілдік санаттарына жататын азаматтарға берілді. Олардың арасында көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген азаматтар бар. Пәтер кілтін алғандар «Бозарық» шағынауданында орналасқан заманауи көпқабатты үйлерге қоныстанады. Тұрғын үй кешені қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.

Жаңа баспаналардың кілтін тұрғындарға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков  табыстады.

Жыл соңына дейін 7 386 отбасы баспанамен қамтылады

Айта кеткен жөн, Шымкентте баспана кезегінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы да кеңейіп келеді.

Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда кезекте тұрған 2 865 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алған. Оның ішінде 1 800 отбасы кредиттік тұрғын үймен, ал 1 065 отбасы жалға берілетін пәтерлермен қамтамасыз етілді.

Жыл соңына дейін тағы 4 521 кезектегі азаматқа баспана беру жоспарланған. Оның ішінде 1 753 пәтер жалға берілетін тұрғын үй, ал 2 768 пәтер кредиттік бағдарламалар арқылы ұсынылады.

Осылайша, 2026 жылы жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй бағдарламалары аясында жалпы кезектегі 7 386 отбасыны баспанамен қамту көзделіп отыр.

Оның ішінде жалдамалы және несиелік тұрғын үйлер бар. Бүгінде 2 865 отбасы баспанамен қамтылды.

Сондай-ақ жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша мерзімі аяқталған пәтерлерді қайтару және қатысушыларды жеңілдетілген «Қамқор» бағдарламасы арқылы баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 565 отбасы тұрғын үйге қол жеткізді.

Шымкенттің халқы өсіп, жаңа шағынаудандар қалыптасып жатқан жағдайда тұрғын үй қорын ұлғайту қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бөлігі болып отыр. Жаңа үйлердің салынуы азаматтарды баспанамен қамтамасыз етумен қатар, заманауи инфрақұрылымы бар жаңа тұрғын аумақтардың қалыптасуына ықпал етеді.

Кредиттік ипотека, жалға берілетін тұрғын үй және сатып алу құқығы бар бағдарламалардың қатар іске асуы баспана мәселесін шешуге мұқтаж азаматтардың әртүрлі санаттарына мүмкіндік береді.

Жалпы, Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жаңа тұрғын үйлердің пайдалануға берілуі, жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың іске асуы және жалға берілетін пәтерлердің ұсынылуы кезекте тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешуге бағытталған. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және қаладағы тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.

Талап Тілеген

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Инфографика: jasqazaq.kz

Бүгін, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
Бүгін, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор