jasqazaq.kz

Шымкенттің жаңа бюджеті белгілі болды

21 маусым 2018, 10:17

Республикалық маңызы бар қалалардың қатарына қосылған Шымкентті ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Келер жылдан бастап қаланың бюджеті 183 миллиард теңгеге дейін артады, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

«Қаланың биылғы — жаңа мәртебенің берілуіне дейінгі бюджеті 137 миллиард. Соның 64 миллиарды қаланың дербес табысы да, 35-34 миллиард теңгесі облыстық бюджет есебінен толтырылып отыр, ал 18 миллиард теңгені субвенциялар құрап отыр. Қаланың дербес бюджетін 183 миллиард теңге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз, одан тыс субвенциялар да болады әрі республикадан да сұраймыз. 2019 жылға қарай бастапқы бюджет 183 миллиард болады. Әкімдікте бес басқарма — табиғатты қорғау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, ана мен бала, дін істері, денсаулық сақтау, архив және цифрландыру басқармалары құрылады. Шымкентті «ақылды» қалаға айналдыру үдерісі жалғаса береді», — дейді Шымкент әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова. Қосымша қаражаттар жол құрылысы, жаңа мектептер, баспаналар, демалыс орындарын, жолайрықтар салуға, автобус паркін жаңартуға жұмсалады. «Құрылыс қарқыны күшейтіледі. Республикалық трансферттерді тікелей алатын боламыз. Ең алдымен баспана мәселесін шешуіміз керек. 2017 жылы 238 мың шаршы метрдің баспанасын иелеріне тапсырдық, ал биыл осы көрсеткішті 457 мың шаршы метрге жеткізу жоспарда бар», — дейді Шымкент қаласы құрылыс бөлімінің басшысы Әбілсейіт Рабаев. Шымкентте 55 мектеп бой көтереді. Миллионер қалада жылына 10 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Әкімдік республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуі Шымкенттің экономикалық ахуалын жақсартатынына сенімді. Әлеуметтік және баспанамен қамту салалаларына бөлінетін қаражат артады, газ, су, электр тарту секілді инфрақұрылым құрылыстары бойынша жұмыстар күшейтіледі. Жыл соңына дейін қалада бірде-бір асфальт жабындысыз жол қалмауы тиіс.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді