jasqazaq.kz

Шымкенттің соңғы 4 жылдағы даму динамикасы жоғары

01 шiлде 2022, 15:55

Биыл Шымкент қаласының экономикасына тартылатын тікелей инвестиция көлемі 500 миллиард теңгеден асады деп жоспарланып отыр. 2022 жылдың 5 айында 131 миллиард 100 миллион теңгеден астам инвестиция тартылып үлгерген.

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов хабарлады.

–Шымкент қаласы экономикаға тартылған инвестиция көлемінің өсімі бойынша республикада бірінші орында тұр. Биылғы жылдың 5 айында қалаға 131 миллиард 100 миллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,2 пайызға жоғары. Жыл соңына дейін инвестиция көлемі 500 миллиард теңгеден асады деп жоспарланып отыр. Жалпы, Шымкент республикалық қала мәртебесіне ие болған 4 жылдың ішінде шаһар экономикасына 1,5 триллион теңге инвестиция тартылды, – деді М.Әйтенов.

Қала әкімінің айтуынша, инвестиция негізінен құрылыс және өнеркәсіп салаларына бағытталып жатыр. Мәселен өнеркәсіп секторында 16 инвестжоба іске асырылмақ. Жалпы құны 52 миллиард теңгелік бұл жобалар жаңадан 1 мың тұрақты орнын құру көзделуде.

Мұнан бөлек Шымкентте шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында инвестициялық жобалардың 2025 жылға дейінгі пулы әзірленген. Оған жалпы құны 2 триллион 600 миллиард теңгені құрайтын және 20 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 242 жоба еніп отыр. Соның ішінде 159,7 миллиард теңгелік 50 жоба биыл іске асады деп күтілуде.

Брифинг барысында Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент республикалық мәртебеге ие болған 4 жылдың ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 пайызға артып, 492,3 миллиардтан 785,4 миллиард теңгеге дейін жеткенін атап өтті. Осы уақыт аралығында шаһарда 2,6 миллион шаршы метр тұрғын үй салынған болса, оның 1 миллион шаршы метрі тек 2021 жылдың үлесінде.

Сонымен қатарғ Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметпен бекітілген «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» сәтті орындалып келетінін айтты.

«Биыл қаламызда «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 24 мыңға жуық мұғалімнің еңбекақысы 25 пайызға, 17 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы 20 пайызға, денсаулық сақтау және спорт салаларында еңбекақы 25 пайызға өсті»,-деді қала әкімі.

Жалпы Шымкент қаласында 2022 жылдың І тоқсанында орташа жалақы 23,3 пайызға өсіп, 216 867 теңгені құраған.

Тоқтар Жақаш

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық