jasqazaq.kz

Шымкенттің шырайы — Шәмші

18 маусым 2022, 19:22

Бүгін қала күніне орай «Шымкенттің шырайы – Шәмші» атауымен композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған концерт өтті. Мерекелік шараға қала әкімі М.Әйтенов, қалалық мәслихаттың хатшысы Б. Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Қала әкімі жиылғандарды атаулы мерекемен құттықтап, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық дамуына зор үлес қосқаны үшін «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын 10 азаматқа табыстады.

— Қала күні – қала халқы үшін ерекше мереке. Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған түрлі іс-шаралар апта бойы өтіп жатыр. Солардың ішінде айрықша атап өтетін салтанатты концерт – ұлтымыздың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың рухына бағышталады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқажоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Халқымыздың ұлы тұлғасына, қазақ музыкасына көрсетілген құрметпен баршаңызды құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер! Халқымыздың бағына туған Шәмші ағамызға арналған концерт аясында, қала күні қарсаңында бүгін біз дәстүр бойынша «Шымкент қаласының құрметті азаматы» мәртебесін салтанатты түрде марапаттағалы отырмыз. 4 жыл бұрынғы тарихи шешім өзінің өміршеңдігін көрсетті. 4 жылда қаламызда тұрғындар саны 12 пайызға, өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 пайызға, қала бюджеті 3,9 есеге артты. Барша жетістік тұрғындардың белсенділігі мен қолдауының арқасында болып отыр. Талай жылдар бойы қаншама ұрпақтың терімен тұрғызылған қаламыз жылдан жылға дами берсін. Шәмшінің әуезді әндері әрбір үйдің қуанышында шырқалсын!- деп тілек білдірді М.Әйтенов.

Шығармашылық кеште елімізге еңбек сіңірген жұлдыздар — Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Нұрғали Нүсіпжанов, Медеу Арынбаев, Уралхан Сейілбекова, Нұржамал Үсенбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Бауыржан Исаев секілді өнерпаздар өнер көрсетті.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр