jasqazaq.kz

Шымкенттің ең жас ақыны республикалық додада топ жарды

09 ақпан 2018, 11:30

Астана қаласының жəне Қазақ ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына орай «Ұлы даланың ұланымын» атты Республикалық ақындары айтысы айтысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен жастар жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 14 ақын қатысты. Дүбірлі додаға қатысқан жас ақындар Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы рухани құндылықтарды дəріптеп, оларды жырға қосты. Еліміздің ажарына айналған Астана қаласы мен өнерлі жастарды қанат қақтырған ордалы оқу орнының 20 жылда жеткен жетістіктері мен жасампаз келешегін жырға қосты. Айтыстың бірінші айналымында оңтүстіктің жас ақыны Нұрғали Əнапия Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Бек Шматпен айтысып, басым түсті. Ал, екінші сында Ақтөбе облысының дүлдүлі Əлихан Жақсылықпен тартысып, оза шықты. Сөйтіп бас жүлдені жеңіп алды. Айта кетейік, Нұрғали Əнапия өткен жылы Шымкент қаласының «Ең жас ақыны» номинациясының иегері атанған. Ол алты жасынан бастап айтысқа қатысып, облыстық, республикалық, халықаралық додаларда топ жарып жүр.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды