jasqazaq.kz

Шымкенттің бас дәрігері жұқпалы аурулар ауруханасындағы жантүршігерлік жағдайды көрсетті (видео)

16 сәуiр 2021, 16:59

Шымкент қаласының бас дәрігері жұқпалы аурулар госпиталіндегі жантүршігерлік жағдайды көрсетті.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов Instagram-парақшасында видео жариялады. Видеода ол Асар шағын ауданындағы Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында екенін айтады. Оның айтуынша, коронавирус жұқтырған науқастар осы ауруханаға жеткізіледі.

«Жансақтау бөлімінде науқас өте көп. Көбі 25, 30 және 40 жастағы адамдар. Олар қазір өте ауыр жағдайда. Барлығыңызды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шықарамын. Бүгінде Шымкенттің барлық мемлекеттік және жеке медициналық мекемесінде «Спутник V» вакцинасын тегін салдыруға болады», — деді ол.

Видео кадрларында бөлімшедегі барлық төсек бос емес екені байқалады. Олардың кейбіреуі жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Видеодан арнайы құрылғымен де дем алуы қиындаған науқастарды көруге болады.

Tengrinews.kz тілшісі шенеунікпен хабарласты. Бақытжан Позилов видео 15 сәуірде түсірілгенін айтты.

«Сіздерді COVID-19-ға қарсы вакцинацияға шақырамын. Қазіргі уақытта вакцинация қауіпті жұқпалы аурудан қорғайтын жалғыз тиімді әдісі. Вакцинация коронавирус жұқтыру және асқыну дерегінің алдын алады. Медициналық ресурс шексіз емес. Вирусты біріксек ғана жеңе аламыз», — деді Позилов.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия