jasqazaq.kz

Шымкенттіктерге есірткі саудасы ашық түрде насихатталуда

24 қыркүйек 2021, 10:52

Шымкентте полицейлер көшеде ілінген хабарландырулардың біріне байланысты қылмыстық іс қозғады. Заң қызметкерлері анықтағандай, адамдарға есірткі саудасымен айналысу ашық түрде ұсынылған, деп хабарлайды «КТК» арнасы.

Жұмысқа шақырған қағаздар тұрғындардың күдігін туғызып, олар дер кезінде полицияға хабар берген.

«Біз қызық үшін «Бұл не жұмыс, не істеу қажет?» деп жазып көрдік. Жауап күткенімізден әлдеқайда тез келді, олар есірткілерді тарату керектігін айтты. Сөздерінше, тыйым салынған заттарды бөліп алып, белгіленген жерлерге тарқатып шығу керек екен. Бұл сұмдық қой! Үлкен қылмыстық әрекеттің осылай ашық түрде насихатталып жатқаны сұмдық», – дейді Евгений Яворский.

Хабарландыру адамдар көп шоғырланатын жерлерге ілінген. Сонымен қатар оны ілгендер көшедегі бейне бақылаудан да қорықпаған. Жалақы жөнінде аптасына 300 мың теңге төлеуге уәде еткен. Бір қызығы, ақшаны рубльмен төлейтінін айтқан. Байланыс нөмірі де ресейлік. Мұндай ашықтық қала тұрғындарын таңғалдырды. Себебі, есірткі тарату – ауыр қылмыстық құқық бұзушылық және ол үшін 10 жылға түрмеге қамалуы мүмкін.

Полиция өз кезегінде, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қатысы бар азаматтар іздестіріліп жатқанын айтты.

«Қазіргі уақытта жарнама парақшалары алынып, қылмыстық іс құрамына қосылды. Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде», – деді Шымкент қаласындағы Абай ОП бастығының орынбасары Керімбек Сейдуәлиев.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия