jasqazaq.kz

Шымкенттіктердің жалақысы көбейеді

27 маусым 2018, 13:07

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Шымкент қаласының бюджеті республикалық қала маңызындағы деңгейге жеткізілетінін мәлім етті.
ҚазАқпарат хабарлағандай, «Алдын ала есептеулер жасалды, қазіргі кезде бұл бағыттағы есеп-қисапты пысықтап жатырмыз. Әрбір министрлікте осы орайда тиісті жұмыстар атқарылуда, үлкен өзгерістер ескерілуде. Бұл ретте қазынашылықты да бөлу керек, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік мүлік пен аудит тұрғысында қажетті шаралар іске асырылады», — деді Б. Сұлтанов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып. Сонымен қатар ведомство басшысы Шымкент қаласының бюджеті күзде қаралатынын атап өтті. «Менің ойымша, күзде бюджетті нақтылайтын боламыз. Осы орайда, облыс пен республикалық маңыздағы қала арасында бөлінетін қаржыны қарастырамыз. Шымкенттің бюджеті республикалық маңыздағы қаланың деңгейінде болады. Ондағы еңбекақы (мемлекеттік қызметшілерде) орталық органдар деңгейдегі көлемде көтеріледі», — деп атап өтті министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының құрылуына байланысты пікір білдірді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді