jasqazaq.kz

Шымкенттіктер Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегерлерін күтіп алды

19 мамыр 2022, 18:07

Бүгін еркін күрестен Бразилияда өткен Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері Рсалы Сабыржан мен байрақты бәсекеде өз шеберлігін көрсеткен Пернеш Шадиярды жерлестері әуежайдан күтіп алды.

Сонымен бірге спортшыларды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қарсы алып, оларды жеңісімен құттықтады. Бұл жетістік жаттықтырушылар мен спортшылардың табанды әрі мықты жұмысын көрсетіп тұрғанын айта кетті.

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен 24-ші Сурдлимпиада ойындарына әлемнің 100 елінен спорттың 21 түрінен 3500-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстанның намысын 9 спорт түрінен 65 спортшы қорғаса, олардың құрамында жерлестеріміз 65 келі салмақтағы Пернеш Шадияр мен 70 келідегі Рсалы Сабыржан бар.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр