jasqazaq.kz

Шымкенттіктер «Ортағасырлық Шымқала керуені» мен «Музейдегі түні» кешін тамашалады

17 маусым 2022, 11:51

Шымкентте «Қала күні» мерекесіне орай «Шымқала» тарихи- мәдени кешенінде «Ортағасырлық Шымқала керуені» мерекелік іс шарасы өтті.

Іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарына көне Шымкент тарихын насихаттау, ұмыт болған салт-дәстүрлермен таныстыру, дәуірлер бойынша танымдық ойын-сауық ұйымдастыру, көне шаhардың дәстүрлі базарларын жаңғырту, салттық өнер мен сазды қойылымдар арқылы мәдени мұраларды ұлықтауды мақсат еткен.
Мерекелік жиын «Шымқала» тарихи-танымдық сағатымен басталды. Кешенге келуші қонақтарға қаламыздың өткені мен бүгінін таныту, келешек ұрпаққа терең тарихын насихаттау мақсатында танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

«Көне Шымқаладағы ұлттық бұйымдар» жәрмеңкесінде ұлттық нақышта жасалған қолөнер шеберлерінің ағаштан, жүннен және былғарыдан жасалған бұйымдарынан сауда-саттық көрмесіне түрлі заттар қойылды. Қолөнер бұйымдарын жасаудан шеберлік сабақтар өтіп, ұмыт бола бастаған ұлттық бұйымдарымыздың жасалу жолы көрсетілді.

Сонымен қатар, қала тұрғындары ашық алаңда ұлттық ойындар — аударыспақ, асық ату, қол күрес, арқан тарту және тоғызқұмалақ ойындарын тамашалады.
Мерекелік іс-шарада театрландырылған қойылым ұсынылып, этно-фольклорлық концертте ұлттық аспаптар насихатталды.

«Шымқала» тарихи- мәдени кешеніндегі мерекелік кеш «Музейдегі түн» тарихи іс-шарасына жалғасты. Оны тамашалауға да қала тұрғындары көптеп жиналды.

Іс-шараның мақсаты — қала тұрғындары мен қонақтарына көне Шымкент тарихын насихаттау, жәдігерлер құндылығымен таныстыру, жастарды тарихты зерттеуге, жәдігерлерді құрметтеуге үйрету, патриоттық сезімін ояту.
Мерекелік бағдарлама «Шымқала дастаны» театрландырылған хореографиялық қойылыммен басталды. Бұл дастан ұлы батылдық, елге деген махаббат пен намыс туралы.

Каскадерлер шоуында әскери жаттығулардан шеберлік сағатттары және түрлі ойын түрлері көрсетіліп, Шымкент қаласының өнерпаздарының қатысуымен ашық аспан астында этно-фольклорлық концерт ұсынылды.
«Қорқыттың көрі» театрландырылған қойылым да қала тұрғындарына керемет әсер сыйлады.

Ашық аспан астындағы «Шымқала» кешені туралы деректі фильмнің тұсауы кесіліп, хореографиялық қойылым, су және от шоулары ұйымдастырылды.

Айта кетсек, Шымкент қаласында «Қала күні» мерекесін тойлау жалғасып жатыр. Мерекелік іс-шаралар 14 маусымнан бастау алып, 19 маусымға дейін жалғасады.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр