jasqazaq.kz

Шымкенттік жігіт туған бауырын пышақтап өлтірді

20 ақпан 2018, 21:54

Шымкентте туған бауырын пышақтап өлтірген азамат құрықталды. Сұмдық жағдай қаладағы «Қатын көпір» тұрғын алабындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Бауыры ер адамға оның жаман адам екенін, әкесін мүлдем құрметтемейтінін айтады. Осыдан кейін екеуінің арасында жанжал туындап, ұрыстың арты төбелеске ұласады.

Ашынған үлкен ағасы інісін аямай ұрып-соғып, пышақтап өлтіріп қойған. Көршілердің сөзінше, туған бауырлар бұрын сотты болған азаматтар. Інісі төрт күн бұрын түрмеден шықса, ағасы алты ай бұрын бостандыққа шықаққан екен.

«Сол күні інісі ағасының үйіне қыдырып келді. Жанында тағы бір бейтаныс кісі бар еді. Үшеуі ішімдік ішкен көрінеді. Бейтаныс жігіт қашып үлгерсе керек, біздің есік алдында ес-түзсіз жатыр екен. Үстіннің барлығы қан. Дереу «103» қызметіне хабар беріп, полицейлерді шақырттық», — дейді көршісі.
Алған дене жарақаттарының салдарынан 45 жас шамасындағы азамат қайтыс болған. Ал екінші жәбірленуші қазіргі таңда жансақтау бөлімінде жатыр.

Анықталғандай, кісі өлтірген азамат оқиға орнынан қашып кеткен. ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде бұрын-соңды сотты болған Шымкент қаласының 55 жастағы тұрғыны ұсталды.

Қазір осы іске қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды