jasqazaq.kz

Шымкенттік жастар қала тазалығына үлес қосып жатыр

23 шiлде 2022, 17:11

Шымкентте «Жасыл ел» еңбек жасағының 500-ден астам мүшесі қаламыздың  тазалығына атсалысып, шаһардың көркеюіне өз үлестерін қосуда. Бұл игі іс «Жасыл ел» бағдарламасының аясында іске асып жатыр. Биыл қалада 1313 студентті мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланған болатын.

Қазіргі таңда  «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының мүшелері мегаполис аумағындағы аудандарда тұратын ардагерлердің үйлерін тазалап, мемлекеттік маңызы бар сакралды нысандардың ауласындағы ағаштарды әктеу, гүлдерді суару жұмыстарына тартылды.   Бір айда (маусым айының 24-нен 24 шілде аралығы) 500 студент-жас белсенділік көрсетіп,  өз қаласына деген жанашырлығын танытты. Олар 45 гектар аумақты тазалап, шамамен 50-60 тоннаға жуық қалдықтарды шығарған.

«Жасыл ел» бағдарламасы бүгінге дейін сан мыңдаған жасты еңбекке баулып, қоршаған ортаның көркеюіне септігін тигізді. Мәселен өткен жылы аймақта 1200-ге жуық жас жасыл елдің қатарында жұмыс істесе, биыл да 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар жұмыспен қамтылып отыр.

«Жасыл ел» жастар ұйымының мақсаты: Біріншіден, жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы студент жастарды еңбекпен қамтамасыз ету. Сәйкесінше, жылына қаншама жастарды осы бағдарламаға тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету. Екіншіден, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау болып табылады. Демек, жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген патриоттық сезімін ояту.

Үшіншіден, Жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастардың табиғатқа қамқорлықпен қарап, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарының бірі.

Жастар осындай жобалар арқылы өмірлік тəжірибе жинап қоймай, табыс тауып та үйренетіні белгілі. Бір жағынан бойларындағы жастық жалынын өлкені көгалдандыруға жұмсайды. «Жасыл елде» жұмыс жасайтындардың еңбекақысы да жүйеленгендігі белгілі болды.

Айта кетейік, биыл «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асып жатқанына 27 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында бұл бағдарлама жастарға жігер берген өміршең бағдарламаға айналды. Еліміздің әр аймағынан республикалық штабтың бөлімшелері ашылып, олар күні бүгінге дейін жұмысын жалғастырып келеді.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр